Басты бет / Білім /
Докторантура
Фото: Liter.kz

Докторантураға түсетіндер тестті қашан тапсыратыны белгілі болды

Қазақстанда докторантураға түсуге арналған тестті қашан тапсыруға болатыны белгілі болды. ҰТО  тестілеудің күнін белгілеп, өтінішті қалай беру керек екенін түсіндірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, 26 шілдеде докторантураға түсетіндер үшін ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу өтеді.

Тестілеу Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз және Түркістан қаласында ұйымдастырылады.

Өтініш қабылдау мерзімі: 22-24 шілде аралығы. Өтініштер app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу төрт бөлімнен тұрады:

  • тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);
  • оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);
  • жазылым – 2 тапсырма (50 минут);
  • айтылым – 2 тапсырма (7 минут).

Сертификат алу үшін әр бөлім бойынша шекті балды жинау керек. Жазылым және айтылым бөлімі бойынша тестілеу нәтижесі 15 жұмыс күн ішінде app.testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетте жарияланады, – делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram