Елімізде азаматтарды алаяқтардан сақтау мақсатында ресми қоңырауларды таңбалау жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев интернетпен қамту, IP-телефония және транкиң байланыс қызметін тек лицензиясы бар операторлар ұсына алатынын айтты.
Сонымен қатар азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін енді ресми тұлғалардан түсетін қоңырауға арнайы белгі қойылады.
Таңбалау жүйесінің мақсаты – абоненттердің ресми қоңырауды алаяқтардың қоңырауынан ажырата алуын қамту. Енді банктен, қызмет көрсететін компаниялардан және басқа да ресми ұйымдардан түсетін қоңырау телефон экранында арнайы белгімен көрсетіледі, – деп түсіндірді вице-министр.
Мұсалиевтың айтуынша, телекоммуникация саласына қатысты елде шамамен 90 заңнамалық норма қабылданған. Заң тамыз айының соңында күшіне енеді.
Сонымен қатар ол абоненттерге байланыс операторларының жарнама және ақпараттық хабарламасынан, автоматты қоңырау шалу қызметінен бас тарта алатынын еске салды. Бұдан бөлек, қосымша ақылы байланыс және интернет қызметі абоненттің екі кезеңді келісімін алғаннан кейін ғана қосылады.
