Басты бет / Жаңалықтар /
көлік
Фото: Нұрназар Әмзе

Қазақстанда Li Auto, OMODA және JAECOO көліктері шығарылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев президенттің Шанхайға жасаған сапары аясында автомобиль жасау саласында бірқатар маңызды келісімге қол қойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қытай компанияларымен жаңа жобалар қолға алынады

Министрдің айтуынша, Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автомобильдер өндірісін іске қосу, SITRAK пилотсыз жүк тартқыштарын шығару және BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты зарядтау стансалары желісін дамыту жоспарланған.

Қазір Қазақстанда жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді.

Биыл 190 мың көлік шығару жоспарланған

Ресми мәліметке сәйкес, былтыр Қазақстанда 171 мыңнан астам автокөлік шығарылған. Биылғы алты айда 94 400 көлік өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35% артық.

Биыл өндіріс көлемін 11% арттырып, 190 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook