Басты бет / Жаңалықтар /
iPhone 17 Pro Max
Grok суреті

Apple тарихындағы ең үлкен iPhone шықпақ: экраны 7 дюймге дейін жетуі мүмкін

Apple экраны бұған дейінгі модельдерден үлкен iPhone шығаруға дайындалып жатыр. Белгілі Қытай инсайдері Digital Chat Station мәліметінше, компания диагоналі 6,96–7 дюйм дисплейі бар жаңа смартфон прототипін сынақтан өткізіп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әзірге мұндай экран қай модельде пайда болатыны белгісіз. Болжам бойынша, бұл 2027 жылы таныстырылуы мүмкін iPhone 20 Pro Max болуы ықтимал. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми расталмады.

Экран көлемі үлкейіп келеді

Apple кейінгі жылдары флагман смартфондар экранын біртіндеп үлкейтіп келеді. Мәселен, iPhone 16 Pro Max компания тарихында алғаш рет 6,9 дюйм дисплеймен шыққан. Кейін бұл көрсеткіш iPhone 17 Pro Max моделінде де болды.

Жаңа мәліметтер расталса, енді шығатын iPhone экраны алғаш рет 7 дюймге жуық болады.

iPhone 20 жаңа дизайнмен шығуы мүмкін

Бұған дейін Bloomberg журналисі Марк Гурман Apple 2027 жылы алғашқы iPhone-ның 20 жылдығына орай атау жүйесін өзгертіп, iPhone 19 моделін өткізіп жіберіп, бірден iPhone 20 сериясын таныстыруы мүмкін екенін хабарлаған.

Қауесеттерге сенсек, iPhone 20 Pro және iPhone 20 Pro Max дәстүрлі жалпақ экраннан гөрі, төрт қыры иілген дисплеймен жабдықталуы ықтимал. Бұл ақпарат шындыққа жанасса, кейінгі жылдардағы ең ауқымды дизайн өзгерістерінің бірі болмақ.

Дегенмен Apple бұл мәліметтерге қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Сондықтан жаңа смартфон сипаттамалары компанияның ресми таныстырылымына дейін өзгеруі мүмкін.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok