Басты бет / Жаңалықтар /
арқан жол, тау, аспалы жол, Шымбұлақ
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматыда «Шымбұлақ» пен Oi-Qaragai бір жүйеге біріктіріледі

Алматыда тау шаңғысы инфрақұрылымын ауқымды кеңейту жоспарланып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

30 жаңа аспалы жол салынады

Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, жоба аясында «Медеу» базалық станциясы арқылы «Шымбұлақ» пен Oi-Qaragai курорттарын біріктіретін бірыңғай тау курорттары жүйесі құрылады.

Сонымен қатар 30 жаңа аспалы жол салынып, жалпы ұзындығы 151 шақырым болатын тау шаңғысы трассалары жасалады. Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту да жоспарланған. Жоба толық іске асқаннан кейін тау шаңғысы жүйесінің тәуліктік қабылдау мүмкіндігі бес есеге артып, 6 мыңнан 30 мың келушіге дейін жетеді, — делінген хабарламада.

2029 жылға дейінгі жоспар әзірленіп жатыр

Туризм басқармасының мәліметінше, 2029 жылға дейінгі Алматы тау кластерін дамытудың кешенді жоспары әзірленіп жатыр.

Құжат жеті бағыт бойынша 73 іс-шараны қамтиды. Онда тау инфрақұрылымын дамыту, тау шаңғысы курорттарының бірыңғай жүйесін қалыптастыру, жаңа аспалы жолдар салу және туристік маршруттарды дамыту қарастырылған. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде шетелдік туристер саны 986 мыңнан 1,7 миллион адамға дейін өседі деп күтіліп жатыр. Сонымен қатар туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны 101,8 мың адамға дейін артады, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram