Басты бет / Жаңалықтар /
Король Филипп
Фото: Ақорда

Тоқаев король Филиппті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Қазақстанның Бельгия Корольдігімен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға айрықша мән беретінін айтқан.

Сонымен қатар жақында Брюссельге жасаған сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін бергеніне назар аударған.

Президент Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, ал достас Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok