Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтиңін жариялады. Жаңа тізімде Қазақстан құрамасы 111-орынға жайғасты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
2026 жылғы 11 маусымдағы ресми рейтиңте Қазақстан 109-орында болған. Қазақстан құрамасы FIFA-ның жаңартылған рейтиңінде екі сатыға төмендеп, 111-орынға жайғасты.
Рейтиңтің көш басында әлем чемпионы Испания тұр. Одан кейін Аргентина мен Франция орналасқан. Ал алғашқы бестікке Англия мен Бразилия енді.
FIFA рейтиңі ұлттық құрамалардың ресми халықаралық матчтардағы нәтижелері негізінде есептеледі. Жаңартылған тізімде әлемнің барлық ұлттық құрамасының ұпайлары мен орындары қайта қаралған.
FIFA ерлер құрамаларының рейтиңі (20 шілде 2026)
| Орын | Құрама |
|---|---|
| 1 | Испания |
| 2 | Аргентина |
| 3 | Франция |
| 4 | Англия |
…
| Орын | Құрама |
|---|---|
| 110 | Ливия |
| 111 | Қазақстан |
| 112 | Танзания |
