Басты бет / Жаңалықтар /
Король VI Фелипе
Фото: Ақорда

Тоқаев Испания құрамасының тарихи жеңісіне қатысты құттықтау жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Испания королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдап, ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Тоқаев Испания құрамасының жеңісін құттықтады

Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен Испания халқын ұлттық құраманың футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетіп, екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтаған.

Жеделхатта мемлекет басшысы Испания құрамасының жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны мен жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті еткенін атап өтті.

«Атлетико Мадрид» академиясын ерекше атады

Президент Испанияның футболдағы озық тәжірибесі әлемге үлгі екенін айтып, биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастама екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып, жастар байланысын дамытуға серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы VI Фелипеге ел мүддесіне бағытталған бастамаларына табыс, ал Испания халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, АҚШ-тың Нию-Жерси штатындағы MetLife Stadium аренасында өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram