Грузияның Кахетия өңіріндегі Agarani Estate қонақүйінде Ресей азаматшасына шабуыл жасалды. Оқиғаға күдікті ретінде 30 жастағы ер адам ұсталды.
Турист қыздардың айтуынша, ер адам олардың бөлмесіне басып кіріп, қыздардың бірінің бетінен ұрған. Салдарынан жәбірленушінің мұрны сынып, ауруханаға жеткізілген.
Ал Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жанжал турист қыздар үйлену тойына келген қонақтарды балағаттап, музыка жабдығына су шашқаннан болған. Алайда қыздар бұл нұсқаны жоққа шығарып, шабуылға олардың орыс тілінде сөйлегені себеп болғанын мәлімдеді.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәлі деп танылса, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
