Алматының Әуезов ауданында қаланың бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар аясында 1 500-ге жуық заңсыз орнатылған маңдайша мен жарнама құрылымы алынып тасталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
1 500-ге жуық заңсыз жарнама жойылды
Аудан әкімдігінің мәліметінше, дизайн-код талаптарын іске асыру аясында сәулет және қала құрылысы басқармасы мен полиция департаменті бірлесіп заңсыз орналастырылған 1 500-ге жуық маңдайша мен жарнама құрылымын алып тастаған.
Қасбеттер дизайн-кодқа сәйкестендіріліп жатыр
Қазір Алтынсарин және Абай даңғылдары, сонымен қатар Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойындағы 15 учаскеде ғимараттардың қасбеттері мен маңдайшаларын қаланың дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар аудан әкімдігі кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттер мен маңдайшаларды талапқа сәйкестендіру қажеттігі туралы 200-ден астам хабарлама табыстаған.
