Басты бет / Жаңалықтар /
Димаш Кудайбергенов
Фото: Dimashnews.com

Мексикада Димаш Құдайбергеннің құрметіне әуе шарларынан 4,5 метрлік мүсін жасалды

Мексикада Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергеннің құрметіне әуе шарларынан алып мүсін жасалды. Биіктігі 4,5 метр инсталляция әншінің Латын Америкасындағы алдағы концерт турына орай әзірленген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мүсінді Мексикадағы жанкүйері, әуе шарларынан композициялар жасайтын суретші Ольга Лидия Эрнандес шығармашылық тобымен және Dimash & Dears Regias фан-клубының мүшелерімен бірге жасаған.

Инсталляция Монтеррей қаласындағы (Нуэво-Леон штаты) ірі сауда орталықтарының біріне қойылған. Дәл осы қалада 2026 жылғы 14 қарашада Димаш Құдайберген жаңа DiMENSIONS атты әлем туры аясында концерт береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба мақсаты – Монтеррей тұрғындарын Қазақстан өнерпазының шығармашылығымен таныстырып, алдағы концертіне көпшіліктің қызығушылығын ояту.

Қазірдің өзінде ерекше мүсін сауда орталығына келушілердің назарын аударып, көпшілік суретке түсетін орындардың біріне айналған. Ол Димаштың Монтеррейге жақын арада келетінін еске салатын ерекше инсталляция ретінде қойылған.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram