Басты бет / Жаңалықтар /
егін науқаны, бидай,
Фото: Ақорда

Қазақстанда егін орағы науқаны басталды

Қазақстанның бірқатар өңірінде егін орағы науқаны басталып, бүгінге дейін 634 мың тонна дәнді дақыл жиналды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биылғы өнімділік өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Өнімділік былтырғыдан 1,7 есе артты

Қазір Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сонымен қатар Жетісу облысы мен Шымкент қаласының диқандары егін орағына кірісті.

Бүгінге дейін 634 мың тонна дәнді дақыл бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 20,6 центнерді құрап, былтырғы осы кезеңдегі 12,2 центнермен салыстырғанда 1,7 есе жоғары болды.

Сонымен қатар:

  • бидайдың жалпы түсімі 461,2 мың тоннаға жетіп, орташа өнімділігі гектарына 19,1 центнер болды;
  • арпа бойынша 157,8 мың тонна өнім жиналып, орташа өнімділік 17,0 центнерге жетті. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары.

Егін орағына техника мен жанармай жеткілікті

Министрліктің мәліметінше, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қажет техникамен толық қамтамасыз етілген.

Қазір елдегі шаруашылықтарда 133,9 мың трактор, 5,6 мың жоғары өнімді егіс кешені, 71,4 мың тұқым сепкіш және 188,5 мың топырақ өңдеу техникасы бар. Сонымен қатар мемлекет тарапынан егін орағы науқанына 401 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын бөлу жоспарланған, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram