Басты бет / Жаңалықтар /
өрт сөндіруші, ТЖМ, өрт
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Павлодар облысындағы «Баянауыл» ұлттық паркінен өрт шықты

Павлодар облысындағы «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен шыққан өрттің таралуы оқшауланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өрт таңертең тіркелді

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өрт 2026 жылғы 20 шілде күні сағат 09:23-те ұлттық парктің Жасыбай бөлімшесіне қарасты 21-орамның 31-бөлімінде анықталған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы ауданы 0,003 гектар болды.

Өрт бір 1,5 сағат ішінде оқшауланды

Өртті сөндіруге «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман күзеті қызметі мен «Қазавиаорманқорғау» РМК күштері жұмылдырылды.

Сағат 10:54-те өрттің таралуы толық оқшауланды. Қазір мамандар өртті толық сөндіру және аумақты бақылау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook