Басты бет / Жаңалықтар /
ұшақ орындық, сапар, саяхат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ұшақта ішіп алып, полицияға бағынбаған жолаушы сотқа тартылады

Астана әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзған 36 жастағы әйел «Астана – Шымкент» рейсінен түсірілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мас күйде жанжал шығарған

Полиция мәліметінше, әуе компаниясы өкілдерінің актісі негізінде көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері рейстен Шымкенттің 36 жастағы тұрғынын түсірген.

Мән-жайды анықтау барысында әйелдің мас күйде болғаны, былапыт сөздер айтып, агрессивті мінез көрсеткені және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны белгілі болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Denis (@denski__rezerv)

Іс сотқа жолданды

Құқық бұзушыға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Атап айтқанда, оған:

  • қоғамдық орында мас күйінде жүргені;
  • ұсақ бұзақылық жасағаны;
  • полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін жауапкершілік жүктелді.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, іс материалдары процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram