Басты бет / Жаңалықтар /
сайлау, референдум
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Тамара Асар, Аша Матай: ОСК «Қазақстан Халық партиясының» 72 кандидатын тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) «Қазақстан Халық партиясы» ұсынған мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ресми түрде тіркеді. Партия алдағы сайлауға 72 кандидатты ұсынып отыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Партиялық тізімге кімдер енді?

ОСК барлық 72 кандидатты тіркеп, партия өкіліне арнайы куәліктерін тапсырды.

«Қазақстан Халық партиясының» тізіміне бұрынғы мәжіліс депутаттары Ирина Смирнова, Асылбек Нұралин және Кенжеғұл Сейітжан енген.

Сонымен қатар танымал тұлғалар қатарында әнші Тамара Асар, тележүргізуші Аша Матай және TikTok-та кеңінен танылған мұғалім Игорь Гноевой бар. Бұдан бөлек, партия атынан бұрынғы сенатор мен экс-вице-министр де сайлауға қатысады.

ҚХП сайлау жарнасын төлемейді

«Қазақстан Халық партиясы» сайлау жарнасын төлеуден босатылған. Бұған себеп – партияның алдыңғы Мәжіліс сайлауында 5%-дық межеден асып, парламенттің төменгі палатасына өткендігі.

Осы бойынша, қолданыстағы заңнамаға сай партия кандидаттарды тіркеу кезінде сайлау жарнасын төлемейді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook