21 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Елдің көптеген өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
«Қазгидромет» мәліметінше, республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей өңірлерде қатты жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде шаң аралас дауыл көтерілуі ықтимал.
Ауа температурасы өңірлерге қарай әртүрлі болады:
- Батыста күндіз +35…+40°C, кей жерлерде +42°C-қа дейін қатты ыстық сақталады.
- Оңтүстік пен оңтүстік-батыста +35…+39°C ыстық болады.
- Солтүстікте +20…+28°C.
- Орталықта +23…+31°C.
- Шығыста +22…+30°C.
- Оңтүстік-шығыста +25…+35°C.
