Басты бет / Жаңалықтар /
футбол
Фото: Getty Images

Испания Аргентинаны жеңіп, екінші рет әлем чемпионы атанды

АҚШ-тың Нию-Жерси штатындағы MetLife Stadium аренасында өткен 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жеңіс голы қосымша уақытта соғылды

Финалдың алғашқы және екінші таймдарында екі команда да есеп аша алмады. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталып, матч қосымша уақытқа жалғасты.

Кездесудің 106-минутында шабуылшы Ферран Торрес финалдағы жалғыз голды соғып, Испания құрамасына жеңіс сыйлады.

Испания екінші мәрте әлем чемпионы атанды

Осылайша Испания өз тарихында екінші рет футболдан әлем чемпионы атанды. Бұған дейін испандар әлем біріншілігін 2010 жылы жеңген болатын.

Лионель Месси
Фото: © Hector Vivas — FIFA

Ал Аргентина құрамасы турнирге әлемнің қазіргі чемпионы ретінде қатысқан еді. Аргентиналықтар бұған дейін 1978, 1986 және 2022 жылдары әлем чемпионатының жеңімпазы атанған.

Финалды словениялық төреші Славко Винчич басқарды. Матчты негізгі құрамда Испания сапынан Ламин Ямаль, Микель Оярсабаль, Родри және өзге де көшбасшылар бастаса, Аргентина құрамында Лионель Месси, Хулиан Альварес, Энцо Фернандес және Эмилиано Мартинес алғашқы минуттардан алаңға шықты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Финалға дейінгі жол

Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатында бірде-бір рет жеңілген жоқ. Луис де ла Фуэнтенің шәкірттері плей-офф кезеңінде Австрияны (3:0), Португалияны (1:0), Бельгияны (2:1) және жартылай финалда Францияны (2:0) жеңіп, сенімді ойын өрнегімен финалға шықты.

Аргентина да финалға дейінгі барлық жеті матчында жеңіске жетті. Алайда плей-офф кезеңінде бірнеше ауыр кездесуді бастан өткерді. Команда Кабо-Вердені қосымша уақытта 3:2 есебімен жеңсе, Египетпен матчта 0:2 есебінен кейін камбэк жасап, 3:2 есебімен басым түсті. Одан кейін ширек финалда Швейцарияны 3:1 есебімен ұтты.

Жартылай финалда аргентиналықтар Англиядан 85-минутқа дейін жеңіліп жатқанымен, Энцо Фернандес пен Лаутаро Мартинестің голдарының арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде Лионель Месси екі нәтижелі пас берді.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram