Басты бет / Жаңалықтар /
"Семей орманы" өрт, Абай облысы, дала өрті
Фото: Абай облысының әкімдігі

Абай облысында 2 күнге созылған өрттің беті қайтты

Абай облысында екі күн бойы жалғасқан ірі орман өрті оқшауланды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Өрттің беті қайтарылды

ТЖМ мәліметінше, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалына қарасты Камышенка орман шаруашылығы аумағындағы өрт ошақтарының таралуы толық тоқтатылған.

Еске салайық, өрт 16 шілдеде тұтанған болатын. Оны сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігі, ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс министрлігі, орман шаруашылығы мекемелері, жергілікті атқарушы органдар және денсаулық сақтау министрлігінің мамандары жұмылдырылды.

Өртті сөндіруге 769 адам қатысты

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, өртті ауыздықтау жұмыстарына 769 адам, 191 бірлік техника және сегіз тікұшақ тартылды.

Әуе техникасы арқылы өрт ошақтарына 319 рет су төгіліп, жалпы 709 тонна су шашылған. Мамандардың жұмысына аптап ыстық, өрт қаупінің жоғары деңгейі және орман ішіндегі жолсыз, жетуі қиын жер бедері айтарлықтай қиындық туғызған. Қазір өрттің таралуы тоқтатылғанымен, аумақта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram