Біреулерді мансапқұмарлық алға жетелесе, енді біреулер үшін маңыздысы – тұрақтылық немесе жайлы орта. Психологтардың айтуынша, адам әрекетіне әсер ететін мотивацияның алты негізгі түрі бар. Өзіңізге тән мотивация түрін білу алға қойған мақсатыңызға тезірек жетуге көмектеседі.
Психолог Иэн Макрей мен әріптестері 750-ден астам маман қатысқан зерттеу нәтижесінде мотивацияның алты негізгі түрін бөліп көрсетті.
1. Еркіндік
Бұл жағдайда өз бетінше шешім қабылдап, жұмысты өз қалауынша ұйымдастыру маңызды.
2. Мойындалу
Қоғам бағасы, мансапқа жету, мәртебе мен жетістік ынталандырады.
3. Әлеуметпен байланыс
Мұнда топта жұмыс істеу, адамдармен араласу және ортақ мақсатқа үлес қосу күш береді.
4. Қаржылай пайда табу
Жоғары жалақы, сыйақы және материалдық игілік негізгі ынталандырушы фактор саналады.
5. Қолайлы жағдай
Икемді жұмыс кестесі, қолайлы орта және жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік маңызды.
6. Тұрақтылық
Жұмыстағы тұрақтылық, қауіпсіздік және болашаққа сенім басты орында тұрады.
Мотивация уақыт өте өзгере ме?
Зерттеушілердің айтуынша, адамның мотивациясы өмір жағдайына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, табысы төмен адамдарға жалақы маңыздырақ болуы мүмкін. Ал материалдық жағдайы жақсарған сайын еркіндік, шығармашылық немесе өзін дамыту алдыңғы орынға шығады.
Неліктен өз мотивацияңызды білу маңызды?
Мамандар адамның өзін не ынталандыратынын түсінуі жұмыс тиімділігін арттырып қана қоймай, күйзелістің алдын алуға көмектесетінін айтады.
Мысалы:
- сізге адамдармен қарым-қатынас ұнаса, топпен жұмыс істеген тиімді;
- мойындалу маңыздырақ болса, нақты мақсат қою мен жарыстарға қатысу нәтиже береді;
- еркіндікті бағаласаңыз, шығармашылық пен дербестікке жағдай жасайтын ортада жақсы жұмыс істейсіз.
Психологтардың пікірінше, әр адамның мотивациясы әртүрлі болғандықтан, жетістікке жетудің де әмбебап жолы жоқ. Ең маңыздысы – өзіңізді алға жетелейтін негізгі себепті анықтау. Бұл мақсатқа жетуді жеңілдетіп, жұмысқа да, өмірге де көбірек қанағаттанасыз.
