Netflix 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында платформада ең көп қаралған сериалдар мен фильмдердің рейтиңін жариялады. Осы алты айда көрермендер сервис контентін 97 миллиард сағаттан астам уақыт тамашалап, бұл Netflix тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды.
Ең танымал сериал
Рейтиңтің бірінші орнына «Олар» («Его и её») («His & Hers») триллері шықты. Журналист пен детектив болып жұмыс істейтін бұрынғы ерлі-зайыптылар кісі өлтіру ісін бірге тергейтін бұл сериал 104 миллион қаралым жинаған.
Екінші орында «Бриджертондар» («Бриджертоны») («Bridgerton) сериалының төртінші маусымы тұр. Ол алғашқы алты айдың өзінде 100 миллион қаралымға жеткен. Жалпы франшиза 2026 жылдың алғашқы жартысында 180 миллион қаралым жинаған.
Үздік үштікті «Мен сені табамын» («Я тебя отыщу») («I Will Find You») сериалы түйіндейді. Басты кейіпкер өзі жасамаған қылмыс үшін өмір бойына сотталады. Кейін ұлының тірі болуы мүмкін екенін біліп, шындықты анықтау үшін түрмеден қашуға бел буады.
Netflix-тегі ең танымал 10 сериал
- His & Hers («Его и её») (2026) – 104 млн қаралым.
- Bridgerton («Бриджертоны») 4-маусым – 100 млн.
- I Will Find You («Я тебя отыщу») (2026) – 64 млн.
- Stranger Things («Очень странные дела») 5-маусым – 56 млн.
- Run Away («Убегай!») (2026) – 50 млн.
- Chamgyoyuk («Пусть послужит вам уроком») (2026) – 48 млн.
- One Piece («One Piece. Большой куш») 2-маусым – 47 млн.
- Man on Fire («Гнев») (2026) – 40 млн.
- Ms. Rachel («Мисс Рэйчел») 1-маусым – 37 млн.
- The Night Agent («Ночной агент») 3-маусым – 36 млн.
Ең көп қаралған фильмдер
Netflix-тің ең танымал түпнұсқа фильмі «Әскери машина» («Военная машина») («War Machine») болды. Алан Ричсон ойнаған экшн 147 миллион қаралым жинап, рейтиң көшін бастады.
Екінші орынға Мэтт Дэймон мен Бен Аффлек басты рөлдерді сомдаған «Оңай олжа» («Лакомый кусок») («The Rip») криминал триллері жайғасты. Үшінші орында «Өзгенің орнында» («В чужой шкуре») («Swapped») анимация фильмі тұр.
Үздік бестікке «KPop Demon Hunters («Кей-поп-охотницы на демонов») және «Apex» («На вершине») фильмдері кірді.
Netflix-тегі ең танымал 10 фильм
- War Machine («Военная машина») (2026) – 147 млн қаралым.
- The Rip («Лакомый кусок») (2025) – 136 млн.
- Swapped («В чужой шкуре») (2026) – 131 млн.
- KPop Demon Hunters («Кей-поп-охотницы на демонов») (2025) – 130 млн.
- Apex («На вершине») (2026) – 129 млн.
- Thrash («Хищный рывок») (2026) – 100 млн.
- People We Meet on Vacation («Отпуск на двоих» ) (2026) – 78 млн.
- The Crash («Авария») (2026) – 65 млн.
- Peaky Blinders: The Immortal Man («Острые козырьки: Бессмертный человек» ) (2026) – 64 млн.
- Office Romanc («Служебный роман» ) (2026) – 58 млн.
Netflix мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жартысында жаңа жобалар бұрыннан танымал франшизаларды басып озып, платформадағы қаралым көшін бастады.
