Басты бет / Жаңалықтар /
донор
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астанада донордың жүрегі 60 жастағы науқасқа салынды

Астанада дәрігерлер ұзақ уақыт бойы донор күткен 60 жастағы ер адамға жүрек трансплантациясын сәтті жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Донордың отбасы келісім берген

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Астана әкімдігінің көпбейінді медицина орталығында әлеуетті донор анықталған. Донордың отбасы ағзасын беруге келісім бергеннен кейін ҚР денсаулық сақтау министрлігінің трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы операцияны ұйымдастырған.

Нәтижесінде UMC орталығының трансплантологтары 1966 жылы туған пациентке жүрек трансплантациясын сәтті жасаған.

Қазақстанда 4 мыңнан астам адам донор күтіп жүр

Денсаулық сақтау министрлігі донордың отбасына қабылдаған ізгі шешімі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар трансплантацияға қатысқан республикалық орталықтың мамандарына, донорлық аурухана дәрігерлеріне, UMC трансплантация тобына, санитариялық авиация қызметкерлеріне және операцияның сәтті өтуіне үлес қосқан барлық медицина мамандарына ризашылығын жеткізді.

Министрліктің дерегінше, қазір Қазақстанда 4 739 адам, оның ішінде 125 бала ағза донорын күтіп отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram