Басты бет / Жаңалықтар /
Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Тоқаев: Жасанды интеллект адамзат игілігіне қызмет етуі керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда өтіп жатқан Дүниежүзілік жасанды интеллект (AI) конференциясының ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, биылғы жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналды.

Тоқаев Қытайдың AI саласындағы жетістігін атап өтті

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қытайдың жасанды интеллект бағытындағы табыстары әлемдік деңгейде мойындалғанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлемдегі жасанды интеллект зерттеушілерінің жартысынан астамы Қытайда жұмыс істейді. Сонымен қатар осы саладағы патенттердің басым бөлігі қытайлық мамандарға тиесілі. Президент Қытайдың инновациялық экожүйесі көптеген озық технологиялардың дамуына серпін беріп отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев конференцияда ұсынылған «Барша адамзат игілігіне қызмет ететін жасанды интеллект» тұжырымдамасын қолдайтынын білдірді. Оның айтуынша, технологиялық прогресс бүкіл адамзаттың игілігіне қызмет етуі үшін мемлекеттер өзара сенім мен ынтымақтастыққа сүйенуі қажет.

Президент Си Цзиньпиннің көшбасшылығына тоқталды

Біздің елде Си төрағаны тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп есептейді. Оның парасатты әрі орнықты басшылығымен Қытай елі осынау дүрбелеңге толы, болжаусыз әрі қақтығыстардан көз ашпаған әлемде жаңа табыстарға батыл қадам басып келеді. 2029 жылы қазан айында елдеріңіз Қытай Халық Республикасының құрылғанына 80 жыл толуын атап өтеді. 80 жыл – бір адамның тұтас ғұмыры, ал Қытай оның жартысын саяси және экономикалық дүрбелеңдердің зиянды салдарымен күресуге сарп етті. Небәрі 40 жыл ішінде қарқынды дамыған Қытай зор табысқа жетіп, кедейлікті толық еңсерді және сан салалы экономикасы бар, әсіресе, жоғары технологиялар бойынша көш бастаған әлемдік державаға айналды. Бұл – Қытай Коммунистік партиясы мен оның білікті де бірегей жетекшісі, төраға Си Цзиньпиннің еңбегі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook