Басты бет / Жаңалықтар /
Есет Байкен
Фото: gov.kz

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болды

Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Есет Байкеннің өмірбаяны

Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Қаржы» мамандығы бойынша, сонымен қатар Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы және құқық саласында білімі бар.

Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Әр жылдары елорда әкімінің аппаратында қызмет етіп, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімді басқарды. Кейін президент әкімшілігінде сарапшы және мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарды.

2019 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды. Кейін Астана әкімі аппаратын басқарды. Сонымен қатар Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы қыркүйектен бастап Астана әкімінің орынбасары болған.

Еске салайық, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековті лауазымынан босатты.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram