Басты бет / Жаңалықтар /
жол жөндеу, жұмысшы
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыда Бекешев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Алматының Наурызбай ауданында Батыс кәріз коллекторы құрылысының кезекті кезеңі басталуына байланысты Бекешев көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қай учаскеде қозғалыс шектеледі?

Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, 17 шілде мен 30 тамыз аралығында Бекешев көшесінің Әбділдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі.

Ведомствоның мәліметінше, бұл уақытта мердігер ұйым кәріз коллекторын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізеді. Қозғалыс шектеуі жұмыстардың орындалу аймағына қарай енгізіледі.

Батыс кәріз коллекторы Алматыдағы маңызды инженерлік инфрақұрылым жобаларының бірі. Жоба аяқталғаннан кейін қаланың су бұру жүйесінің сенімділігі артып, қолданыстағы және жаңадан салынатын тұрғын аудандарды орталықтандырылған кәріз желісіне қосуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар жоба санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды жақсартуға, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді, — делінген хабарламада.

Қала әкімдігі тұрғындар мен жүргізушілерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, жол белгілерінің талаптарын сақтап, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram