Басты бет / Жаңалықтар /
Жол апаты
Фото: Рixabay

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам қаза болды

Түркістан облысында екі жеңіл көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан жеті адам қаза болды. Қайғылы оқиға Шаян – Екпінді автожолында болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыстық ПД мәліметінше, Toyota Camry мен Volkswagen Passat автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан екі көліктегі жеті адам оқиға орнында қаза болған.

Қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына сай таңдауға және рөлде аса мұқият болуға шақырды, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram