17 шілдеде Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік аймақтарда аптап ыстық сақталып, ауа температурасы +47 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Солтүстікте жаңбыр мен найзағай күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Орал, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде бұршақ түсіп, желдің күшеюі мүмкін.
Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Ал Жезқазғанда жауын-шашынсыз, бірақ ыстық ауа райы сақталады.
Оңтүстікте +47 градусқа дейін ыстық болады
Еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын күтілмейді. Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларында күндіз ауа температурасы +45…+47 градусқа дейін көтеріледі.
Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +17…+19°C, күндіз + 32…+34°C.
Алматыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Түнде температура +23…+25°C, күндіз + 40…+42°C.
Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Түнде ауа температурасы +23…+25°C, күндіз + 45…+47°C.
Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 79-14 м/с. Түнде ауа температурасы +23…+25°C, күндіз + 29…+31°C.
Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 7-12, екпіні 23 м/с. Түнде ауа температурасы +18…+20°C, күндіз + 30…+32°C.
Атырауда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 7-12, екпіні 15-18 м/с. Түнде ауа температурасы +23…+25°C, күндіз + 32…+34°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +20…+22°C, күндіз + 36…+38°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт, жаңбыр, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +16…+18°C, күндіз + 26…+28°C.
Қарағандыда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +16…+18°C, күндіз + 30…+32°C.
Қонаевта көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +22….+24°C, күндіз + 40…+42°C.
Қостанайда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +16….+18°C, күндіз + 28…+30°C.
Қызылордада көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Түнде ауа температурасы +27…+29°C, күндіз + 45…+47°C.
Оралда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +15…+17°C, күндіз + 34…+36°C.
Өскеменде бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +18…+20°C, күндіз + 33…+35°C.
Павлодарда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз + 32…+34°C.
Петропавлда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +15…+17°C, күндіз + 26…+28°C.
Семейде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10, екпіні 15-20 м/с. Түнде …+23°C, күндіз + 35…+37°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы +19…+21°C, күндіз + 37…+39°C.
Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы +21…+23°C, күндіз + 40…+42°C.
Түркістанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Түнде ауа температурасы +26…+28°C, күндіз + 45…+47°C.
