Әлжелідегі парақшасында «Барселонаның» кеңсесінде түскен фотосын жариялап, каталониялық клубпен ресми келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді.
«Сүйікті клубыммен келісімшартқа қол қойғаныма қатты мақтанамын», – деп жазды ол.
Бұған дейін Кәрім Каталонияның «Сан-Кугат» клубының жасөспірімдер командасында өнер көрсетті. Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сапында да бір ойын өткізген.
Кәрім Меңдіхан 2011 жылғы 10 қарашада Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
