Басты бет / Жаңалықтар /
Қайрат Нұртас
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Қайрат Нұртастың «Алматы түні» әнінің ЖИ аудармасы түпнұсқадан асып түсті

Актер әрі әзілкеш Ануар Нұрпейісов жасанды интеллект көмегімен Қайрат Нұртастың танымал «Алматы түні» әнін француз тіліне аударып, әлжеліде жариялады.

Видеода әнді нейрожелі Қайрат Нұртастың даусына ұқсатып орындайды, ал Ануар Нұрпейісов әуен ырғағымен билейді. Ерекше кавер желі қолданушыларының назарын аударып, пікірталас тудырды.

Көптеген қолданушы француз тіліндегі нұсқаның сәтті шыққанын айтып, оған жоғары баға берді. Кейбірі тіпті жаңа нұсқа түпнұсқадан әсерлірек шыққанын жазды.

Пікір қалдырушылардың бірі: «Бұл нұсқа түпнұсқадан да керемет. Той әнінен өзіндік ерекше атмосферасы бар шығармаға айналған» деп жазса, енді бірі: «Тіпті жақсырақ шыққан. Әлемдік хит болуға лайық» деген пікір білдірген.

Тағы бір қолданушы: «Өте керемет шыққан! Қайрат Нұртас риза болған шығар. Ал сіздің биіңіз тіпті тамаша!» деп жазған.

 
«Алматы түні» («Алматының түндері-ай») – қазақ эстрадасындағы ең танымал әндердің бірі. Әннің кеңінен танылған нұсқасын Қайрат Нұртас Ресей әншісі Нюшамен бірге орындаған. Кейін бұл туындыға Өзбекстан әншісі Акмаль Холходжаев, Қазақстан әншілері Индира Елемес пен Қаракөз Тілеубекова да кавер жасаған.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok