Басты бет / Жаңалықтар /
ҰБТ, Ұлттық тестілеу, талапкер
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Министрлік биылғы нағыз ҰБТ-ның қорытындысы туралы айтты

Бүгін өткен брифиңде биылғы нағыз ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды. Тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде арылығында өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биылғы тестілеуге 233 мың талапкер қатысқан. Екі рет тапсыру мүмкіндігін ескергенде, ҰБТ 422 мың рет тапсырылды.

Талапкерлердің 73,1%-ы тесті қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде, ал 0,16%-ы немесе 383 адам ағылшын тілінде тапсырған.

Ең көп таңдалған бейіндік пән комбинациясы:

  • Математика – Физика;
  • Биология – Химия;
  • Шығармашылық емтихан.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Гүлжан Жарасованың айтуынша, инженерлік бағытқа қызыққан түлек саны артқан. Бұған себеп білім грантының басым бөлігі инженерлік-техникалық мамандықтарға бөлінуі.

Оның айтуынша, 2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалды. Талапкерлер 3 міндетті және 2 бейіндік пәннен тест тапсырды. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, ал тестілеу уақыты 4 сағат.

Қазір мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау жалғасып жатыр.

Құжаттарды 20 шілдеге дейін жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары немесе eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады.

Конкурсқа қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, білім туралы құжат, фотосурет және жеңілдік санатына жататынын растайтын құжаттар (бар болса) қажет.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram