Басты бет / Жаңалықтар /
Google Photos
Google Photos қолданбасының суреті. Фото: Lifehacker.ru

Google Photos: көпшілік біле бермейтін 8 функция

Көпшілік Google Photos қолданбасын суреттерді сақтау және резерв көшірме жасау қызметі ретінде ғана пайдаланады. Алайда кейінгі жылдары сервиске жасанды интеллектіге негізделген көптеген жаңа мүмкіндік қосылды. Олар фотосуреттерді өңдеу, іздеу және реттеу функцияларын әлдеқайда жеңілдетеді. Google Photos қолданбасындағы көпшілік біле бермейтін сегіз пайдалы функцияны ұсынамыз.

Фотосурет шекарасын кеңейту

Суретіңіз тым жақын түсірілсе немесе кадрға қажет бөлігі сыймай қалса, Google Photos оны кеңейтуге көмектеседі.

Жасанды интеллект сурет шеттерін табиғи кеңейтіп, тік фотосуретті көлденең форматқа немесе керісінше өзгерте алады. Бұл мүмкіндік, әсіресе әлжеліге жариялауға ыңғайлы.

Google Photos
Фото: Lifehacker.ru

Фотодағы артық не керек затты жылжыту немесе өлшемін өзгерту

Google Photos арқылы суреттегі адамды немесе кез келген затты басқа орынға жылжыта аласыз.

Қажет нысанды белгілеп, оның орнын өзгертуге немесе үлкейтіп-кішірейтуге болады. Жасанды интеллект бос қалған орынды ештеңе болмағандай етіп автоматты түрде толықтырады.

Бұл мүмкіндік сәтсіз кадрларды түзетуге немесе қызық фотомонтаж жасауға көмектеседі.

Google Photos
Фото: Lifehacker.ru
Google Photos
Фото: Lifehacker.ru

Фотодан стикер жасау

Google Photos бірнеше секунд ішінде фотодағы адамды, жануарды немесе кез келген затты бөліп алып, стикер ретінде көшіре алады.

Одан кейін оны Telegram, WhatsApp немесе басқа қосымшаларда пайдалануға болады.

Google Photos
Фото: Lifehacker.ru

Әдемі коллаж жасау

Қолданба бірнеше фотосуретті біріктіре отырып, дайын коллаж жасай алады.

Google Photos арқылы суретті ойыңыздағыдай безендіре аласыз. Мысалы:

  • кинопленка стилі;
  • мереке дизайны;
  • жүрекше немесе гүл элементтері бар шаблондар;
  • классика коллаждары.

Дайын суретті бірден сақтап немесе достарыңызға жолдауға болады.

Google Photos
Фото: Lifehacker.ru

Фотосуретке «жан бітіру»

Google Photos қарапайым фотосуретті қысқа бейнеге айналдыра алады.

Жасанды интеллект камера қозғалып тұрғандай әсер беріп, суретке көлем мен динамика береді. Бұл мүмкіндік табиғат көріністері мен портреттерде ерекше әсер қалдырады.

Google Photos
Фото: Lifehacker.ru

Геолокация қосу

Фотосурет түсірілген кезде геолокация сақталмаса, оны кейін қолмен енгізуге болады.

Қала, аудан немесе басқа орынды көрсеткеннен кейін сурет Google Photos картасында топтастырылады. Бұл саяхат кезінде түсірілген фотоларды реттеуді жеңілдетеді.

Google Photos
Фото: Lifehacker.ru

Ақылды іздеу жүйесі

Google Photos-тағы іздеу жүйесі жасанды интеллект көмегімен фотолар мазмұнын талдайды.

Мысалы, іздеу жолағына:

  • «мысық»;
  • «теңіз»;
  • «күннің батуы»;
  • «ақ көйлек»;
  • «Алматы»

деп жазсаңыз, қолданба сәйкес фотосуреттерді тауып береді.

Қажет болса, іздеуді қосымша сұрақтар арқылы нақтылауға болады.

Google Photos
Фото: Lifehacker.ru

Құпия папка жасау

Google Photos-та жеке фотосуреттерді сақтау үшін арнайы қорғалған құпия бөлім бар.

Бұл папкадағы суреттер:

  • негізгі галереяда көрінбейді;
  • іздеу нәтижесіне шықпайды;
  • естеліктер бөлімінде көрсетілмейді;
  • басқа қосымшаларға көрінбейді.

Папканы ашу үшін құрылғының құлпын саусақ ізі, PIN-код немесе құпиясөз арқылы қайта растау қажет.

Бұл мүмкіндіктерді әлі қолданып көрмесеңіз, Google Photos қолданбасын жаңартып, жаңа функцияларды сынап көруге болады.

Google Photos
Фото: Lifehacker.ru
Дереккөз: Lifehacker.ru

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram