Қызылорда қаласында жолдағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Сұңқар» аппарат бағдарлама кешені іске қосылды. Енді жаяу жүргінші жолағында заңсыздықты анықтайтын жаңа жүйе істейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір жүйе сынақ режимінде істеп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңа технология жаяу жүргінші жолағында жүргізуші жол ережесін бұзса автоматты түрде тіркейді. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілерге немесе басқа жүргізушілерге жол бермеген көліктерді анықтайды.
Полицияның хабарлауынша, жобаның негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамту және жол-көлік оқиғасын азайту.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға, жаяу жүргінші жолағында адамдарға міндетті түрде жол беруге шақырды.
