Көпшілік біле бермейтін мүмкіндіктердің бірі – бір iPhone арқылы екінші iPhone-ды қуаттау. Apple бұл функцияны USB-C портына көшкеннен кейін ғана енгізді. Алайда ол барлық модельде жұмыс істемейді.
iPhone-ның қандай модельдеріне жарамды?
iPhone 15 сериясынан бастап iPhone-ды басқа iPhone арқылы қуаттауға болады. Яғни мына модельдерде бұл функция бар:
- iPhone 15;
- iPhone 15 Plus;
- iPhone 15 Pro;
- iPhone 15 Pro Max;
- iPhone 16e;
- iPhone 16;
- iPhone 16 Plus;
- iPhone 16 Pro;
- iPhone 16 Pro Max.
Бұл құрылғылар USB-C – USB-C кабелі арқылы басқа құрылғыға қуат бере алады.
Қалай жұмыс істейді?
Функцияны іске қосуға арнайы баптаудың қажеті жоқ.
Екі iPhone-ды USB-C кабелі арқылы қоссаңыз болғаны. Жүйе автоматты түрде қай телефонның батарея заряды аз екенін анықтап, соны қуаттай бастайды.
Яғни пайдаланушыға «қуат беру» немесе «қуат алу» режимін қолмен таңдаудың қажеті жоқ.
Қуаттау жылдамдығы қандай?
Apple бұл мүмкіндікті негізінен төтенше жағдайда пайдалануға арнап жасаған.
Кері қуаттау (Reverse Charging) 4,5 Вт қуатпен жұмыс істейді. Сондықтан ол телефонды толық әрі жылдам зарядтауға арналмаған.
Бұл мүмкіндік жақын жерде розетка болмаған кезде құрылғыны аздап қуаттап, маңызды қоңырау шалуға немесе хабарлама жіберуге жеткілікті.
Тағы қандай құрылғыларды қуаттауға болады?
iPhone арқылы тек басқа iPhone-ды ғана емес, USB-C порты бар мына құрылғыларды да кабель арқылы қуаттауға болады:
- AirPods;
- Apple Watch;
- USB-C интерфейсі бар басқа аксессуарлар.
iPhone Android смартфонымен жалғанса, батарея деңгейі төмен құрылғы автоматты түрде қуат алады. Бұл жағдайда да қуат беру жылдамдығы 4,5 Вт-тан аспайды.
