Басты бет / Жаңалықтар /
полиция, референдум
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

28 млн теңге: Қазақстанда шетелдік көлік жүргізушілері айыппұл төлеп жатыр

Жетісу облысы прокуратурасының бастамасы бойынша, Қазақстанда шетелдік көлік жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлей бастады. Мемлекеттік орган мәселені шешу бірыңғай ереже енгізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұған дейін көлік жүргізушісін анықтап, айыппұл салу едәуір қиын болды. Сондықтан құқық бұзғандар жауапкершіліктен жалтарып, ел аумағынан шығып кететін еді. Енді полиция құқық бұзушылық анықталған соң көлік иесін анықтап, айыппұл туралы нұсқау рәсімдейді. Шетел азаматы мемлекет шекарасын қайта кесіп өткенде нұсқау құқық бұзушыға табысталады. Төленбеген айыппұл болса, полиция оны өндіріп алады.

400-ден астам шетелдік жүргізушісі көліктің жүру жылдамдығын шамадан тыс асырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Жалпы айыппұл көлемі — 28 млн теңге. Қазір полиция 33 көлік иесінен 1 млн теңгеден астам айыппұл өндірді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook