Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан самса пісіретін дәмханада газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Жиенқұлов көшесіндегі шағын базарлардың бірінде орналасқан дәмханада болған. Алдын ала ақпарат бойынша, дәмхана ішінде тұрған 50 литрлік газ баллоны жарылған.
Жарылыс салдарынан екі қабатты ғимараттың бір бөлігі бүлінген.
Үш адам жарақат алды
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыс салдарынан үш адам түрлі жарақат алған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Құтқару қызметтері қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
