Көп адам қонақүйге келгенде өзін үйдегіден мүлде басқаша ұстайды. Қонақүйдегі әдеп қандай? Нені білген жөн? Baribar.kz британ сарапшысы Уильям Хэнсонның кеңестерін ұсынады.
Уильям Хэнсон – британ этикеті туралы бірнеше кітаптың авторы әрі The Luxury Podcast подкасының жүргізушісі. Сонымен қатар ол Hotels.com үшін Grand Etiquette Hotel Guide атты нұсқаулық әзірлеген.
Лондондағы The English Manner этикет институты маманының айтуынша, кей адам қонақүйді ақылы қызмет ретінде қабылдап, өзін тым еркін ұстайды.
