Алматыдағы Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. LRT жобасына байланысты Өтеген батыр көшесі мен Вилюйская көшесі арасындағы аумақта шығыс бағытындағы көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
LRT құрылсына байланысты Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Бұл бағытта 16-18 шілде аралығында инженерлік желіні көшіру жұмысы жүргізіледі. Ал көшенің қарама-қарсы жағында 18–20 шілде күндері дәл осындай жұмыс атқарылады.
Осы кезеңде көлік реверсивті қозғалыс арқылы Төле би көшесінің тек оңтүстік жағында жүре алады. Жүргізушілер жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауы керек, — делінген хабарламада.
