Басты бет / Жаңалықтар /
Дуа Липа, кітап
Фото: Жасанды интеллект

Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап

Тележүргізуші Опра Уинфри 1990 жылдары өзінің әйгілі кітап клубын ашқаннан бері біраз танымал тұлға да осы дәстүрді жалғастырды. Бүгінде Риз Уизерспун, Эмма Робертс, Дуа Липа, Дженна Буш Хейгер және басқа да жұлдыздар ай сайын өздерінің кітап клубтарына жаңа шығармалар таңдап, оларды оқырмандарына ұсынады. Көп жағдайда бұл кітаптар қысқа уақыт ішінде бестселлерге айналады.

2023 жылы Elle UK басылымына берген сұхбатында әнші Дуа Липа кітап оқуды ерекше жақсы көретінін айтқан.

«Кітап оқығанды қатты жақсы көремін. Кітаптардың адамдарға қалай әсер ететінін өзгелерге бөліскенді ұнатамын. Кітаптар мен үшін өте маңызды, осы сезімді басқаларға бөлісе алсам, өзімді дұрыс жолдамын деп есептеймін», – деген еді Дуа Липа.

Ал актриса Эмма Робертс, 2017 жылы жақын құрбысы Кара Прейсспен бірге Belletrist кітап клубын құрған. Ол Associated Press агенттігіне берген сұхбатында:

«Басқаларға кітап ұсыну мені ерекше қуантады», – деген.

Ал Риз Уизерспун болса, Hello Sunshine медиакомпаниясы арқылы түрлі әйел жазушылардың шығармаларын кеңінен насихаттап, кітап индустриясында өзіндік бренд қалыптастырды.

Міне, әлем жұлдыздары 2026 жылдың шілде айында оқуға ұсынған тоғыз кітап.

Дуа Липаның Service95 Book Club кітап клубының таңдауы

Кітап: Азаттық. Дәуірлер тоғысындағы есею тарихы (Свободная. История взросления на сломе эпох). (Free: Coming of Age at the End of History)
Авторы: Леа Юпи (Lea Ypi)

Дуа Липа Instagram парақшасында бұл кітап туралы:

«Free кітабы маған жақсы білетін әрі жақсы көретін елге басқа қырынан қарауға мүмкіндік берді. Бұл ел тарихының жақын кезеңін қамтығанымен, небәрі бір ұрпақ ішінде адамдар өмірі түбегейлі өзгерген. Осындай тарихи кезеңде өмір сүрудің өзі – үлкен тәжірибе әрі өзгелерге бөлісуге тұрарлық өмірлік сабақ», – деп жазды Дуа Липа.

Дуа Липа, кітап
Фото: Pagesix.com

Дженна Буш Хейгердің Read with Jenna кітап клубының таңдауы

Кітап: Сусабын әсері (Эффект шампуня) (The Shampoo Effect)
Авторы: Дженни Джексон (Jenny Jackson)

Тележүргізуші бұл шығарманы жаздың тамаша оқулығы деп атады.

«Күн ұзарып, ауа райы жылынды. Демек шілде айының жаңа кітабын жариялайтын уақыт келді. Бұл жағажайда немесе саябақта отырып бір деммен оқып шығатын тамаша роман», – деді Дженна Буш.

Оның айтуынша, шығарма өмір бойы қасыңда жүрген адамдар мен шынайы достық туралы ой салады.

31fbc12b92f7294ddd9edb22d31b6e7e Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап
Фото: Pagesix.com

Дакота Джонсонның TeaTime Book Club кітап клубының таңдауы

Кітап: Толқындар (Волны) (The Waves)
Авторы: Вирджиния Вулф (Virginia Woolf)

Кітап клубының сипаттамасына сәйкес, бұл шығарма Вирджиния Вулфтың ең үздік романдарының бірі.

Роман теңіз жағасында ойнап жүрген алты баланың өмірінен басталып, олардың есейіп, махаббатты, достықты және өмірдің ауыр кезеңдерін бастан өткеруі туралы баяндайды.

d9103045173c4a35d5afa31123592382 Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап
Фото: @dakotajohnson/instagram

Опра Уинфри кітап клубының таңдауы

Кітап: Ғажайып бала (Маленькое чудо) (Little Wonder)
Авторы: Софи Чен Келлер (Sophie Chen Keller)

Опраның бұл шығармасы өзінің кітап клубындағы 124-кітап.

Роман Қытайда өмір сүретін ана мен баланың Бейжіңге жасаған сапары туралы. Болашағынан үлкен үміт күттіретін жас пианисттің мансабын қолдау үшін жолға шыққан анасы мен ұлы теміржол вокзалында бір-бірінен адасып қалады. Осыдан кейін олардың қайта қауышуға ұмтылған ұзақ сапары басталады.

d24565961c06cf253134a2bbd5fdc25a Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап
Фото: Pagesix.com

Натали Портманның Nat’s Book Club кітап клубының таңдауы

Кітап: Алтын көздегі сәулелер (Отражения в золотом глазу) (Reflections in a Golden Eye)
Авторы: Карсон Маккаллерс (Carson McCullers)

Портман бұл кітап туралы:

«1941 жылы жарық көрген бұл шығарма әскери базадағы өмірді суреттейді. Роман адам құмарлығы мен ішкі күйзелісі туралы қысқа, бірақ өте әсерлі оқиға», – деп жазды Натали Портман.

2149bc80625d53d94ce1f2d99ab49d39 Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап
Фото: @natalieportman/Instagram

Кэти Куриктің кітап клубының таңдауы

Кітап: Өзгенің күйеуі (Муж другой женщины) (Someone Else’s Husband)
Авторы: Кимберли Маккрейт (Kimberly McCreight)

Тележүргізушінің айтуынша, бұл Килиманджароға жасалған саяхаттан кейін өмірлері түбегейлі өзгерген екі әйел туралы қызықты триллер.

«Бұл кітапты бәріміз бірге оқып, кейін пікір алмасуды асыға күтемін», – деді Кэти Курик.

95ba64a094006da2656b62793d7d23a8 Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап
Фото: Pagesix.com

Good Morning America Book Club кітап клубының таңдауы

Кітап: Ауыл адамдары (Country People)
Авторы: Дэниел Мейсон (Daniel Mason)

Пулитцер сыйлығының финалисі Дэниел Мейсонның бұл романы жаңа өмір бастау үшін Вермонтқа көшкен отбасының бір жылдағы өмірін баяндайды.

117fd7dff388f1a818b2d13809ec0760 Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап
Фото: Pagesix.com

Риз Уизерспун кітап клубының таңдауы

Кітап: АҚШ-тың негізін қалаушылардың бірі – Эбигейл Адамс туралы роман (Мать-основательница: Роман об Эбигейл Адамс) (A Founding Mother)
Авторлары: Стефани Дрей және Лора Камойе (Stephanie Dray және Laura Kamoie)

Риз Уизерспун бұл кітапты АҚШ-тың 250 жылдығына арналған ерекше тарихи шығарма деп сипаттады.

«Тамаша әйелдің өмірі туралы әсерлі оқиға», – деді Риз Уизерспун жаңа кітапты таныстырған видеода.

fe082f34c15fa77057feed0a5dd219fb Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап
Фото: Pagesix.com

Эмма Робертс пен Кара Прейсстің Belletrist кітап клубының таңдауы

Кітап: Жолаушылар (Путешественники) (Voyagers)
Авторы: Мег Чарлтон (Meg Charlton)

Belletrist кітап клубының сипаттамасына сәйкес, роман достық, отбасы, атақ-даңқ, құпиялар мен естеліктер туралы.

Шығарма адамның өмір бойы бір ғана оқиға аясында өмір сүріп, кейін өз тарихын жаңаша айтуға батылдық табуы туралы сыр шертеді.

b487732bd09e9dd40315b65dd7cf37b2 Дуа Липа, Опра және Риз Уизерспун сынды әлем жұлдыздары қандай кітап оқып жатыр? Таңдаулы 9 кітап
Фото: Pagesix.com

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram