Басты бет / Жаңалықтар /
Швейцария
Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан

Оптимизмнің сыры неде? Швейцария халқының тұрмысы жайлы

Швейцарияда жүргізілген жаңа сауалнама ел тұрғындарының басым бөлігі әлемдегі дағдарыс пен түрлі жайтқа қарамастан болашаққа оптимизммен қарайтынын көрсетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Helvetia Baloise сақтандыру компаниясы өткізген зерттеуге неміс және француз тілінде сөйлейтін өңірлерден 1 866 адам қатысқан.

Зерттеу нәтижесі бойынша, швейцар халқының 80%-ы алдағы бір жылға сеніммен қарайды. Әсіресе, 65 жастан асқан азаматтар мен неміс тілді өңір тұрғындары арасында оптимизм деңгейі жоғары. 65 жастан асқандардың 86%-ы болашақтан үміт күтсе, 50 жасқа дейінгі азаматтар арасында бұл көрсеткіш 76% болды. Сонымен қатар әйелдер мен ерлердің берген жауабы ұқсас.

Швейцария халқы, оптимизм, рейтиң
Фото: Euronews-тан аударылды

Сауалнамаға қатысушылардың 77%-ы өмірдегі ең басты мақсат ретінде қартайғанда денсаулығын сақтауды атаған. Ал респонденттердің шамамен жартысы саяхаттап, тіпті әлемді аралауды армандайды.

Швейцария халқының пікірінше, болашаққа сенім сыйлайтын басты құндылық – отбасы, махаббат, достық және денсаулық. Отбасын құруды армандайтын жандардың 81%-ы бұл мақсатына жететініне сенімді немесе оған қол жеткізген.

Швейцария халқын не алаңдатады?

Сонымен қатар тұрғындарды ең көп алаңдататын мәселе – егде жаста денсаулықтың нашарлауы. Бұл сауалнамаға қатысқан адамдардың 45%-ы. Бұдан кейін материалдық жағдайға қатысты мәселе 43% адамды алаңдатады. Ай сайынғы табысы 4 мың швейцар франкінен төмен азаматтардың арасында болашаққа сеніммен қарайтындардың үлесі 69% ғана болған.

Зерттеу авторларының айтуынша, тұрақты табыс, әлеуметтік қолдау және жақын адамдардың болуы адамның өмірге деген сенімін арттыратын негізгі фактордың бірі.

Кейінгі жылдары жасалған дүниежүзіндегі бақыт рейтиңінде Швейцария 10-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша, ел бірнеше жылдан бері рейтиңде көш бастап келе жатқан Финляндия, Исландия және Даниядан кейін орналасқан.

Естеріңізге салайық, Қазақстан әлемдік бақыт рейтиңінде Франция мен Сингапурды басып озды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok