Басты бет / Жаңалықтар /
тұманды субұрқақ, ыстық, Алматы, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Аптап ыстық пен найзағай: 16 шілдеге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 16 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлытау облысында күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысында күндіз 45-48 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Шымкентте күндіз 45-48 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Астанада күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында қатты ыстық 37–42 градус сақталады, 15–17 шілдеде күндіз өте қатты ыстық 43–44 градус болады деп болжанады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram