Алматы метрополитені қала тұрғындары мен қонақтарына неге метроға электросамокатты алып кіруге тыйым салынғанын түсіндірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Видеоүндеу Алматы метрополитенінің әлеужелідегі ресми парақшасында жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Метрополитенде аккумуляторы бар электросамокаттар, монодөңгелектер және басқа да құрылғыны алып жүруге қатысты шектеу пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамту мақсатында қабылданды. Бұл құрылғылардан өрт шығу қаупі өте жоғары. Аккумуляторда жылу үдеуі деп аталатын құбылыс туындауы мүмкін. Сондықтан электросамокаттарды, монодөңгелектерді және осыған ұқсас құрылғыларды метроға алып кіруге болмайды, — делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, 1 шілдеден бастап Алматы метрополитенінде мына көлік құралдарын алып жүруге тыйым салынған:
- электровелосипедтер;
- электросамокаттар;
- велосипедтер (балалар велосипедінен басқа);
- роликті тақталар (скейтбордтар);
- монодөңгелектер және басқа да осыған ұқсас жеке қозғалыс құралы.
Ал мына заттарды алып кіруге тыйым салынбады:
- қапқа салынған жиналмалы электрлі емес велосипедтер;
- қапқа салынған жиналмалы электрлі емес жеке қозғалыс құралы;
- балалар арбасы;
- мүгедектерге арналған кресло-арбалар.
