Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, табиғат, туризм, Алматы таулары
Фото: Алматы әкімдігі

Алматының туристік стенді халықаралық 3 марапатқа ие болды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматының туристік көрме стенді бірнеше халықаралық көрмеде жоғары бағаланып, үш бірдей марапатқа ие болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мумбайдағы көрмеде қалалық туризмді ілгерілеткені үшін марапат алды

Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, Үндістанның Мумбай қаласында өткен OTM-2026 халықаралық көрмесінде Алматының көрме стенді «Қалалық туризмді үздік ілгерілеткені үшін» марапатына ие болды.

Көрме барысында шетелдік туроператорлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, олардың нәтижесінде Алматыға туристер ағынын арттыруға бағытталған бірқатар келісімге қол қойылды.

Сеулде үздік мазмұн үшін марапатталды

Оңтүстік Кореяның астанасында өткен SITF-2026 халықаралық көрмесінде Алматының туристік стенді таныстырылымының сапасы мен мазмұны үшін The Best Booth Content Award сыйлығын жеңіп алды.

Хоңкоңдағы көрмеде ерекше жетістікке жетті

Ал үшінші марапат ITE Hong Kong 2026 халықаралық көрмесінде табысталды. Алматы көрме ұйымдастырушылары тағайындаған Outstanding Performance Booth арнайы сыйлығын алған жалғыз қатысушы болды.

Қалалық туризм басқармасының мәліметінше, халықаралық туристік көрмелерге қатысу Алматыны шетелдік нарықтарда кеңінен танытуға, жаңа серіктестер тартуға және қаланың халықаралық туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok