Басты бет / Жаңалықтар /
Қоқыс сұрыптау зауыты
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Ақтөбеде танысын өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған ер адам сотталды

Ақтөбе облысында танысын өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол адам өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жанжал кезінде пышақ қолданған

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, сотталушы мен жәбірленуші бірге алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындап, сотталушы жәбірленушінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұққан.

Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болған.

Мәйітті жол сөмкесіне салып, қоқыс контейнеріне тастаған

Соттың хабарлауынша, қылмыстың ізін жасыру мақсатында сотталушы жәбірленушінің мәйітін жол сөмкесіне салып, қоқыс контейнеріне апарып тастаған.

Кейін ол өз еркімен полицияға келіп, кінәсін ішінара мойындаған.

Сот үкімі

Сот ер адамды Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram