Басты бет / Жаңалықтар /
бұзақылық
Видео скрині

Матч кезінде орындыққа аяғын қойған көрермен айыппұл арқалады

Астанада футбол матчы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған 28 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Құқық бұзушылық әлеуметтік желідегі видео арқылы анықталды

Полицияның мәліметінше, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаны мониториңдеу барысында анықталған.

Видеода ер адамның матч кезінде аяқ киімін шешіп, аяғын алдыңғы қатардағы орындықтың арқасына қойып отырғаны көрінеді. Оның бұл әрекеті қасында отырған көрермендердің наразылығын тудырған.

Сот 20 АЕК көлемінде айыппұл салды

Қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны үшін ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары азаматтарды спорттық жарыстар мен басқа да көпшілік іс-шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға, сонымен қатар өзге көрермендердің құқығы мен жайлылығына құрметпен қарауға шақырды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok