Басты бет / Жаңалықтар /
тауда жоғалған балалар
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Тауда адасып кеткен 4 жасөспірім табылды

Алматыда түнгі уақытта жасөспірімдердің жоғалып кеткені жайлы хабарлама келгендіктен құтқарушылар оларды іздеуге кіріскен. Тауда адасып кеткен жасөспірімдер аман-есен табылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, Бостандық ауданындағы Алмарасан шатқалының байланысы жоқ, геолокацияны анықтау мүмкін емес аймағында «Барыс» құтқару қызметінің құтқарушылары жасөпірімдерді іздеуге кіріскен. Олар балалардың бірі бұған дейін таспалаған бейнежазба арқылы іздеу аумағын анықтаған.

Іздестіру нәтижесінде төрт жасөспірім Терра алаңы маңында, тау лашығынан жоғары орналасқан жерде табылды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ, — делінген хабарламада.

Құтқарушылар жасөспірімдерді қауіпсіз түрде таудағы соқпақ жолмен төменге түсіріп, ата-аналарына тапсырды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram