Басты бет / Жаңалықтар /
Өрт сөндіру, ТЖМ, орман
Фото: ТЖМ

Бір тәулікте Қазақстандағы 6 орманнан өрт шықты

14 шілдеде еліміздегі алты орманнан өрт шыққан. Өрт ошақтары ерте анықтау жүйелері мен орманды бақылау арқылы анықталды. Мемлекеттік орман қызметкерлері тікұшақтар мен арнайы техникаларды пайдаланып, дереу өртті сөндіруге кірісті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте алты орман өртеніп, жалпы орман қоры аумағында 10 өрт тіркелді.

Өрт шыққан аймақтар:

  • Ақмола облысы – 4 өрт;
  • Батыс Қазақстан облысы – 1 өрт;
  • Қарағанды облысы — 1 өрт;
  • Қостанай облысы – 2 өрт;
  • «Бурабай» МҰТП– 1 өрт;
  • «Семей орманы» МОТР — 1 өрт.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің тұрақты бақылауы кезінде анықталды. Өртті сөндіру үшін мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары, арнайы техникалары, сондай-ақ өзара іс-қимыл аясында басқа да күштер мен құралдар жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Өрт оқшауланып, елді мекендер мен орман алқабына тарамады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram