«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел оңтүстікке, оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 15-16 шілдеде облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында күндіз 39-41 градус қатты ыстық күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Ұлытау облысында күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Жезқазған қ.: 12-14 шілдеде күндіз 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.
