Басты бет / Жаңалықтар /
лагерь, балалар
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 294 мыңға жуық оқушы жазғы демалысқа жіберілді

Биыл жазда Алматыда түрлі демалыс бағдарламаларымен 294 мыңға жуық оқушы қамтылды. Бұл 1–10-кластарда оқитын балалардың 98,7%-ы болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда жазғы демалыс науқанына қатысқан оқушылар саны 4,3% артқан.

Әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы балалардың демалысына да ерекше назар аударылған. Биыл жазғы демалыспен 3 537 бала қамтылды. Олардың қатарында жетім балалар, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар және тәуекел тобындағы жасөспірімдер бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жазғы лагерьлерде төрт ведомствоаралық тексеру жүргізілген. Сонымен қатар әрбір демалыс орнына полиция қызметкерлері бекітілген, — делінген хабарламада.

Білім басқармасының мәліметінше, төтенше жағдай немесе буллинг фактілері туындаған кезде жедел көмекке жүгіну үшін лагерьлерде арнайы QR-кодтар орналастырылған. Бұл жүйе балалар мен олардың ата-аналарына қажетті қызметтермен жедел байланысуға мүмкіндік береді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram