Басты бет / Жаңалықтар /
жол жөндеу, жол белгісі, жол ережесі
Фото: Ерқанат Аманкел

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі 25 тамызға дейін жабылады

Алматыда Төле би көшесін ұзарту жобасы аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 14 шілдеден 25 тамызға дейін Төле би көшесінің Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін толықтай жабылады. Осы кезеңде жүргізушілерге аталған учаскені Сәбденов көшесі арқылы айналып өту ұсынылады. Құрылыс жүргізілетін аумақта уақытша жол белгілері орнатылады.

Әкімдік жүргізушілерден жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Жол қозғалысына енгізілетін өзгерістер туралы ақпаратты @AlmatyJoly Telegram арнасынан, Алматы әкімдігінің ресми әлеуметтік желідегі парақшаларынан, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінен көруге болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram