Басты бет / Жаңалықтар /
Жеки Чан
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Жеки Чан «Құдіретті сауыт-сайман 4» фильмінің түсірілімі үшін Маңғыстауға барды

Әлемге танымал актер, режиссер әрі продюсер Жеки Чан әйгілі «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Маңғыстау облысына келді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Актерді өңірге сапары барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қарсы алды.

Әкімдік мәліметінше, фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі Бозжыра шатқалы болады. Кездесу барысында облыс әкімі мұндай халықаралық жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға және Маңғыстаудың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын күшейтуге ықпал ететінін айтты.

Жеки Чан
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Жеки Чан қонақжайлық үшін алғыс айтып, Маңғыстаудың табиғи ландшафттары ерекше кинематографиялық әлеуетке ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Бозжырадағы көріністер жаңа фильмнің ең әсерлі эпизодтарының біріне айналады.

«Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» фильмі Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсіріліп жатыр. Жобаның өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы айналысады. Жобаның бас серіктесі Kaspi.kz. Фильмнің тұсаукесері 2027 жылғы ақпан айына жоспарланған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook