Басты бет Жаңалықтар Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жүздікке кірді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жүздікке кірді

Қазақстан ФИФА рейтингінде 100-орынға шықты. Қазақстан құрамасы мамыр айында бірде-бір кездесу өткізген жоқ.

©vkpress.ru

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (ФИФА) жаңарған рейтингінде төрт орынға жоғарылады.

Қазақстан құрамасы мамыр айында бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Соған қарамастан жаңартылған тізімде отандастарымыз 104-орыннан 100-орынға көтерілді.  Дегенмен бұл орынға 331 ұпайы бар Үндістан мен  Никарагуа да таласып түр.

Рейтингтің бірінші ондығында ешқандай өзгеріс болмаған. Бірінші орында – Бразилия, екінші орында – Аргентина, үштікті Германия құрамасы түйіндеп тұр. Дегенмен Польша құрамасы ұпай саны бойынша Испаниямен теңесіп, 10-орынға таласып тұр.

1 (1). Бразилия — 1715 ұпай,
2 (2). Аргентина — 1626,
3 (3). Германия — 1511,
4 (4). Чили — 1422,
5 (5). Колумбия — 1366,
6 (6). Франция — 1332,
7 (7). Бельгия — 1292,
8 (8). Португалия — 1267,
9 (9). Швейцария — 1263,
10 (10). Испания — 1198,
10 (11). Польша – 1198.

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Мавритания ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 13 саты төмендеп, 104-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Жаңа Зеландия құрамасы еншіледі. Олар 17 саты жоғарылап, 95-орынға табан тіреген.

Айта кетейік, 10 маусым күні Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Дания құрамасымен кездеседі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version